ка

Қазақша бата - тілек: Жас жұбайларға бата, үйленгендерге бата

31.12.2018 18:22
0
6
Бақытты бол, бағың ашылсын, Әр күнің шаттыққа толсын. Босағаңа жамандық жетпесін, Төріңнен жақсылық кетпесін. Ұлдарың оншақты болсын, Қыздарың моншақты болсын. Бастарыңа бақ қонсын, Жаратқан ием жақ болсын. Ынтымақ серік болсын. Шаңырақтарың биік болсын. Несібе-ырыс иіп келсін. Дастархандарың кең болсын. Қызық-қуаныш тең болсын. Үй-іштерің мерекелі болсын, Өмірлерің берекелі болсын. Тілектерің ақ болсын, Махаббаттарың пәк болсын.
Әумин!
Шаңырақтарың биік болсын, Босағаларың берік болсын. Бау-бақшаларың өрік болсын. Басыңда дәйім, Құлпырған құндыз бөрік болсын. Ақ жүзіңде жарыңның, Ақ кимешек көрік болсын. Құдай қаласа, Көп ұзамай жерік болсын. Торсық шекелі ұл тауып, Ол өзіңе серік болсын.
Әумин
Қос аққудай көлдегі, Қызғалдақтай белдегі, Жас жұбайлар екенсің, Бата берем кел бері. Дәулетті, малды болыңдар, Жұқармас жалды болыңдар, Ел-жұртың мақтан тұтатын, Жастардың алды болыңдар. Тұтатқан шырақтарыңды, Басталған мұраттарыңды, Бір Алла қолдап әрдайым, Жайқалтсын құрақтарыңды. Отауларың орда болсын, Аттарың жорға болсын. Қымызың қымызық татып, Местерің қорда болсын.
Әумин
Жас келіннің батасы, Жастардың көп қатасы. Жек көрмейді баласын, Анасы мен атасы, Балалар, көтер қолыңды, Қайырлы құтты жолыңды, Ием берсін мал мен бас, Толтырсын ол мен солыңды. Мен берейін батамды, Кішіпейіл болып келінжан, Сыйла енең мен атаңды. Кекшіл болма, қарағым, Кешірер әркім қатаңды. Бола берсін ойын-той, Қызықтап тойлау – құрмет қой. Ақыл, естен айрылмай, Жастарым, еске алып қой, Қайырлы болсын тойыңыз, Құдалар кеуде соқтырып, Құйрық, бауырға тойыңыз.
Әумин
#тойға тілек #үйлену тойы #жас жұбайлар #казакша туралы қазақша на казахском #казакша бата #казакша баталар #казакша бата беру #казакша бата жастарга #казакша бата уйлену тойга #казакша баталар тойга #казакша бата дастархан #казакша бата тусау кесер #казакша батасы #казакша бата наурызга #қазақша баталар #қазақша бата #қазақша бата беру #қазақша баталар жинағы #қазақша бата қайыру #қазақша бата тойга #қазақша бата ас қайыру #қазақша бата сөздер #қазақша бата жастарға #қазақша баталар наурызға #Жас жұбайларға бата #үйленгендерге бата #жас жубайларга арналган бата #жас жұбайларға берілетін бата #жас жұбайларға арналған баталар #жас жұбайларға бата-тілектер #үйленгендерге тілек #уйленгендерге бата тилек #тойга тилек жас жубайларга #уйлену тойга тилек #уйлену той #уйлену тойга тилек олен шумактар #уйлену тойына бата #уйлену тойга тилек оз созимен #уйлену тойга шакыру текст #уйлену тойыма келши #уйлену той сценарий #жас жұбайларға тілек #жас жұбайларға тілек өлеңдер #жас жұбайларға арнау #жас жұбайлар скачать #жас жұбайларға өлең #жас жұбайларға арналған тілек #жас жұбайлар əні #жас жұбайлар текст #жұбайларға тілек
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий