Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақша ашық сабақ: Информатика жұлдыздары (презентация)

Қазақша ашық сабақ: Информатика жұлдыздары (презентация)

Тақырыбы: “Информатика жұлдыздарысайысы (слайд түрінде)
Мақсаты
Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан - жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

Сайысқа 7 адамнан тұратын 2 топ қатысады.
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1 - кезең. “Таныстыру”
2 - кезең. “Ойлан, тап!”
3 - кезең. “Сурет салайық, әңгіме жазайық!”
4 - кезең. “Кім жылдам?”

1 - кезең “Өзін - өзі таныстыру”
1 - ші “ИНТЕРНЕТ” ТОБЫ
2 - ші “КОМПЬЮТЕР” ТОБЫ
2 - кезең “Ойлан, тап!”
1 - топ “Интернет”
Төменде тапсырмалар берілген. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады.

1. Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс т. б.) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде ұсынылатын мәліметтер тобы.
А) Хаттама
В) Қапшық
С) Компьютер
Д) Web беті
Е) * Ақпарат
2. XVI - XVII ғасырда пайда болған есептеуіш құрал
А) Логорифм сызғышы
В) Паскаль машинасы
С) * Есепшот
Д) Арифмометр
Е) Калькулятор
3. Пернетақтаны неше бөлікке бөлеміз?
А)3
В)* 4
С) 5
Д) 10
Е) 11
4. Paint графикалық редакторында неше құрал пайдалануға болады?
А) 14
В) *16
С) 18
Д) 22
Е) 25

5. Сандардан жасалған құпия...?
А) Разряд
В) Пікір
С) * Код
Д) Ақпарат
Е) Жүйе

Автор
Жандос