Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазаққа тіл тигізген адам ұсталды

Қазаққа тіл тигізген адам ұсталды

Ақмола облысында қазақ халқына тіл тигізген тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде ақмолалық тұрғынның қазақ халқына тіл тигізіп, сөйлеп отырған видеосы тарады. Бұл дерекке қатысты Полиция департаменті пікір білдірді.

"Полиция департаменті мас күйінде балағат сөздер айтқан Ақмола облысының тұрғынының ұсталғаны туралы хабарлайды, сондай-ақ ол видеода ұлтты қорлаған. Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды", - делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Сонымен қатар, полиция мәліметінше, балағат сөздер айту дерегіне қатысты әкімшілік іс қозғалған. Іс материалдары тиісті шараларды қарау және қабылдау үшін сотқа жіберілген.

"Полиция департаменті азаматтарды сабырлы болуға, арандатушылыққа берілмеуге және заңсыз әрекеттерден аулақ болуға шақырады. Полиция еліміздің барлық тұрғындарының мүдделерін қорғауды және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр", - дейді полицейлер.

Автор
Еркебұлан