KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Қазаққа Алланың мықты бір азабы керек. Күйретші”: Мұғалімнің жазбасы желіде үлкен резонанс тудырды

• Айжан Сыланова
Фото: ozgeris.info

Оқушыларға хиджаб киюге рұқсат берген мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін деген жаңалыққа «еліне қарғыс» айтып пікір жазған Жарқын Әбдікәрімовтің мектепте мұғалім болып жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz Ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

"Қазақтарға, Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек болып тұр. Күшті бір экономикалық зардап шегетін, экономикасы құлдырап кететін. Иә, Алла, күйретші. Әмин", деп пікір қалдырған ол. 

Оның бұл жазғаны қоғам наразылығын тудырып, артынша ұстаз елден кешірім сұрады. 

"Үш балам бар. Кішкентай оқушы қыздарым бар. Мектепке хиджаб киюге қатысты жазған жазбам үшін баршаңыздан кешірім сұраймын", – деді ол.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →