Жолдардан саябақтарға дейін: қазақстандықтар өзгерістерді көріп, инфрақұрылымның одан әрі дамуын күтеді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыстың 100-ден астам жұмыскері Ұлытау университетінде білім ала бастады

Қазақмыстың 100-ден астам жұмыскері Ұлытау университетінде білім ала бастады

9 қыркүйекте Геологиялық кластердің аумағында 2026 жылы «Ұлытау университеті» КЕАҚ-ға оқуға түскен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен оның еншілес компанияларының жұмыскерлері үшін жаңа оқу жылының ашылу рәсімі өтті. Қатысушылар университеттің білім беру моделімен, оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібімен және білім беру инфрақұрылымымен танысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Университеттің алғашқы студенттерінің легіне 163 білім алушы кірді. Оның ішінде корпорация кәсіпорындарында жұмыс істеп жүрген 103 қызметкер бар. 52 қызметкер екінші жоғары білім алу үшін бакалавриат бағдарламасына қабылданса, тағы 51 студент – «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінің түлегі. Олар үшін бұрын алған білімі мен практикалық тәжірибесін ескеретін қысқартылған білім беру траекториясы қарастырылған.

Оқу процесінің негізгі ерекшелігінің бірі – дуальды оқыту жүйесінің элементтері қамтылған тәжірибеге бағытталған тәсіл. Теориялық дайындық өндірістік нысандардағы практикамен ұштастырылады. Бұл студенттерге нақты өндірістік міндетпен жұмыс істеп, алған білімін бірден кәсіпорында қолдануға мүмкіндік береді.

Жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін мұндай модель кәсіби қызметін жоғары білім алумен қатар алып жүруге жағдай жасайды. Білім беру траекториясын қалыптастыру кезінде қызметкерлердің өндірістік тәжірибесі мен бұрын меңгерген пәндері ескеріледі.

«Ұлытау университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректор Айдос Сәкенов Қазақмыспен ынтымақтастық орнату тау-кен металлургия саласының қажеттілігін ескере отырып, инженерлік-техникалық маман даярлауға негіз қалыптастыратынын атап өтті.

Біздің мақсатымыз тек диплом беру ғана емес, сонымен қатар тау-кен өнеркәсібін түсінетін, өндірістік мәселелерді шеше алатын, заманауи технологияларды жетік меңгерген және болашақта корпорацияның инженерлік және басқарушылық әлеуетін нығайта алатын мамандарды даярлау. Сіздер осы модельдің алғашқы қатысушыларының қатарындасыздар», - деді Айдос Сәкенов.


Қазақмыс үшін университетпен серіктестік – кадрлық әлеуетті дамыту, жұмыскерлердің біліктілігін арттыру және кәсіби кадр резервін қалыптастыру құралының бірі. Алдағы уақытта практикалық даярлықты кеңейту, кәсіпорын мамандарын білім беру үдерісіне тарту және оқу барысында нақты өндірістік кейстерді пайдалану жоспарлануда.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.