Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды

Қазақмыста тоқтату жиналысының алғашқы циклы аяқталды
фото: Қазақмыс баспасөз бөлімі

 «Қазақмыс» Тобында Safety Stand Down форматындағы жұмыскерлермен өткізілген кездесулердің алғашқы циклы аяқталды. Мамыр айының бірінші жартысында компания басшылығы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселесін талқылау мақсатында еңбек ұжымдарымен тікелей диалог жүргізу үшін негізгі өндірістік алаңдарға барды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу компанияның барлық өндірістік активтерін қамтыды. Диалог мыс балқыту зауыттарында, байыту фабрикаларында, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Нұрқазған, Қарағайлы өндірістік алаңдарында, сондай-ақ Шатыркөлден бастап Жомартқа дейінгі кеніштерде өтті. Жалпы алғанда, алғашқы цикл аясында 5 мыңнан астам жұмыскерді қамтыған 60-тан аса кездесу өткізілді.

Кәсіпорындардың қызмет бағыты әртүрлі болғанмен, барлық жерде әңгіме бір мәселе, яғни, өндірістік жоспарды қауіпсіздік талабына қайшы келтірмей орындау төңірегінде өрбіді. Нарядтық учаскелер мен цехтарда қызметкерлердің күнделікті жұмыста кездесетін нақты тәуекелдері талқыланды.

Кездесулер қорытындысы бойынша компанияның өндірістік мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс негізгі қағидаттар бекітілді:
Қауіпсіздік – басты басымдық: адам өміріне қауіп төндіретін кез келген жұмыс тоқтатылуы тиіс;       
Жазасыз жауапкершілік: айқын тәуекел анықталған жағдайда өндірістік үдерісті тоқтатқан қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды;       
Кері байланыс: «бес минуттық кездесу» форматы басшылыққа өндірістегі нақты мәселені жабдықпен тікелей жұмыс істейтін жұмыскерлерден естуге мүмкіндік берді. 

Safety Stand Down алғашқы циклының аяқталуы жүйелі жұмыстың басы ғана. 2026 жыл корпорацияда Қауіпсіздік жылы деп жарияланды және тоқтату жиналысын өткізу тәжірибесі тұрақты сипатқа ие болады. Компания жұмыскердің қауіпсіздігі сөзсіз басымдық әрі ортақ жауапкершілік болып табылатын нөлдік жарақат мәдениетін қалыптастыруға бағытталған шараларды кезең-кезеңімен күшейтуде.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.