"Қалай сенерімді білмеймін": Қаза тапқан полицейдің қарындасы жан тебірентер жазба жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс Сәтбаев қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салады

Қазақмыс Сәтбаев қаласының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға инвестиция салады
Фото: t.me/kazakhmys_news

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаевпен бірге Ұлытау облысын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды kznews.kz.

Жұмыс сапары барысында қала тұрғындары мен «Қазақмыс» кәсіпорындарының қызметкерлері үшін маңызды нысандар араланып, құрылыс жұмыстарының сапасы, мерзімі және оларды уақытында пайдалануға беру мәселелері талқыланды.

Негізгі жобалардың бірі – Кенші даңқы алаңын қайта жаңғырту. Тау-кен өндірісі тарихымен тығыз байланысты бұл қоғамдық кеңістік жаңартылғаннан кейін кеншілер еңбегіне тағзым ететін әрі тұрғындардың демалысы мен мәдени іс-шараларына арналған заманауи орталыққа айналады.

Жоба аясында балалар ойын алаңы, воркаут аймағы, жаяу жүргіншілер жолдары, субұрқақ, шағын сәулет нысандары мен жасыл желек отырғызу жұмыстары жүргізіледі. Нысанды пайдалануға беру 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған.

Сонымен қатар делегация қалалық аурухананы жаңғырту және заманауи травматологиялық пункттің құрылысымен танысты. Бұл жоба тұрғындарға көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Ұйымдастыру рәсімдері аяқталғаннан кейін құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жалғасады. Нысанды 2026 жылдың соңына дейін пайдалануға беру көзделген.

Жұмыс сапарының қорытындысында Руслан Өскенәлі мен Мұрат Бөрібаев әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы корпорация мен жергілікті әкімдіктің тұрақты бақылауында болатынын атап өтті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.