KZNEWS.KZ
Қоғам

«Қазақмыс» қызметтік тұрғын үйлерді жұмыскерлердің меншігіне берді

• Айгерім Асылова
фото: Қазақмыс баспасөз бөлімі

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бағдарламасын іске асыруды жалғастыруда. Таяуда компания қызметтік пәтерлерді өңірлердегі жұмыскерлердің меншігіне өткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарламаның осы кезеңінде 13 пәтердің меншік құқығы рәсімделді. Сегіз пәтер Балқаш қаласында, бес пәтер Жезқазған өңірінде орналасқан. Бағдарлама қызметтік тұрғын үйде тұратын және әлеуметтік тұрғыдан осал санатқа жататын жұмыскерлерге бағытталған. Салық пен міндетті төлемдерді толығымен компания өтеді. Осылайша қызметкерлерге баспананы қосымша қаржылық жүктемесіз иеленуге мүмкіндік берді.

Компания осы бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Соңғы бірнеше жыл ішінде жұмыскерлерге 90-нан астам пәтердің кілті табысталды. Екінші тоқсанда тағы 23 пәтерді жеңілдетілген шартпен сату, сондай-ақ Балқаш қаласындағы қызметтік баспаналар жұмыскерлерге беру жоспарлануда.

Тұрғын үймен қамтамасыз ету – компанияның өз қызметкерлерін қолдауға және олардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жүйелі саясатының бір бөлігі.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →