Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыс» өндірістегі бақылауды күшейтті: 5 күнде 400-ден астам аралау өтті

«Қазақмыс» өндірістегі бақылауды күшейтті: 5 күнде 400-ден астам аралау өтті
Фото: Қазақмыс корпорациясы

Jezqazgan Tau-ken Ondirisi компаниясының бас директоры Батыс кенішінде өндірістік аралау жүргізіп, негізгі тау-кен жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар еңбек ұжымымен кездесіп, өндіріс қауіпсіздігі мен жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Аралау барысында теміржол инфрақұрылымына жақын орналасқан жаңа жерасты жолының құрылысы қаралды. Бұл жоба кен тасымалдау қашықтығын қысқартып, операциялық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары биылғы жылдың тамыз айында аяқталмақ. Жаңа порталдың іске қосылуы кеніштің минералдық-шикізат қорын ұлғайтуға ықпал етеді.

Сондай-ақ өндірістегі негізгі учаскелердің бірі саналатын төртінші және бесінші кен өндіру горизонттарының жұмысы тексерілді. Кеншілермен өткен кездесуде еңбек жағдайы, жұмысшыларды толғандыратын мәселелер және өндірістегі қауіпсіздік талаптарын сақтау жайы талқыланды. Басшылық өнеркәсіптік қауіпсіздік компания қызметіндегі басты басымдықтардың бірі екенін ерекше атап өтті.

Өндірістік аралау кезінде конвейер учаскесінің жұмысы мен кен қорын ұлғайтуға бағытталған геологиялық барлау жұмыстарының барысы да қаралды.

Мұндай тұрақты өндірістік аралау тәжірибесі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты — басшылық пен еңбек ұжымы арасындағы тікелей байланысты нығайтып, өндірістегі өзекті мәселелерге жедел назар аудару.

Аталған жұмыстар QA корпоративтік жобасы аясында жүргізілуде. Жоба басқару үдерісінің ашықтығын арттырып, жұмыскерлердің ұсыныстары мен өтініштеріне жедел әрекет етуге бағытталған.

Компания мәліметінше, 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында кәсіпорындарда әртүрлі деңгейдегі 198 басшының қатысуымен 406 өндірістік аралау өткізілген. Анықталған барлық мәселе бірыңғай дерекқорға тіркеліп, кейін компания басшылығының арнайы отырысында қаралады.

Өндірістік аралаулар барысында негізінен өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек жағдайы, өндірістік процестерді ұйымдастыру және ұжымдағы әлеуметтік ахуал мәселелері көтерілген. Компания өкілдерінің айтуынша, жүйелі түрде анықталған өзекті мәселелер бойынша кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және өндірістік ортаның сапасын жақсартуға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылданады.

«Қазақмыс» компаниясында тұрақты өндірістік аралау тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасады. Бұл өз кезегінде ішкі коммуникацияның тиімділігін арттырып, өндірістегі шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік бермек.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.