Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыс» корпорациясы Қытайдың озық технологияларын зерттеуде

«Қазақмыс» корпорациясы Қытайдың озық технологияларын зерттеуде
Фото: Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі бастаған делегация өндірісті жаңғырту мақсатында Қытайға жұмыс сапарымен барып, аспанасты елінің жетекші өндірістік технологияларын зерттеп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Сапардың басты мақсаты – компанияның өндірістік активтерін жаңартуға, энергия үнемдеуге және қауіпсіздік жүйесін дамытуға қажетті халықаралық тәжірибені меңгеріп, тиімді шешімдерді табу. Осы ретте қазақстандық делегация Хубэй провинциясында орналасқан әлемдегі ең заманауи кәсіпорындардың бірі саналатын Daye Smelter (Yangxin Hongsheng Smelter) мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Онда мамандар өндірісті ұйымдастыру, процесс автоматтандыру және табиғатты қорғау бағытындағы жаңашыл шешімдерді өз көзімен көрді.

Бұдан бөлек корпорация басшылығы энергетикалық жабдықтар шығаратын ірі өндіруші CNPC (Jichai Power Company) компаниясының өкілдерімен арнайы келіссөз жүргізіп, автономды генерация мен өндірістік нысандардың тиімділігін арттыру технологияларын Қазақстанда қолдану мүмкіндігін талқылады. Сондай-ақ әлемнің әр түкпірінде тау-кен жобаларын жүзеге асырып жүрген халықаралық CNMC (NFC) тобымен де маңызды кездесу өтіп, тараптар технологиялық әріптестік орнату және өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейту мәселелерін қарастырды.

Жұмыс сапарының бағдарламасы аясында Қытайдың өзге де ірі өнеркәсіптік компанияларымен және әлеуетті технологиялық әріптестермен өтетін кездесулер сериясы әлі де жалғасады.

«Мұндай халықаралық сапарлар кәсіпорындардың тиімділігін арттырып, өндірістік нысандарды одан әрі жаңғыртуға қажетті заманауи шешімдер мен үздік салалық тәжірибені зерделеуге толық мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді «Қазақмыс» корпорациясы.

Автор
Абзал Бахытжан

Абзал Бахытжан