Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақалтын» шахтасында қайғылы жағдай: үйінді астында екі адам көз жұмды

«Қазақалтын» шахтасында қайғылы жағдай: үйінді астында екі адам көз жұмды
Фото: azattyq.org

Бестөбе кен орнындағы «Қазақалтын» шахтасында заңсыз түскен екі кенші қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні «Қазақалтын» ЖШС шахтасында болған.

Белгілі болғандай, «Центральная» шахтасының Бестөбе кенішінде, 610-көкжиекте «Махаббат» желісінде тау жыныстары құлап, екі заңсыз кеншіні басып қалған.

Оқиға орнына құтқарушылар бригадасы түскен. Олар шамамен 1,5 км аумақта, жұмыс істемейтін блокта опырылу болғанын анықтаған.

Қаза тапқандардың денелері жер бетіне шығарылды.

Марқұмдардың жеке тұлғалары анықталды. Біреуі келесі айда 22 жас толар еді. Екіншісі жасы үлкендеу болған.

Екеуі де Солтүстік Қазақстан облысынан екені белгілі болды.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", - деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаменті.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі