Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ жерлері Қытайға беріліп жатқаны рас па

Қазақ жерлері Қытайға беріліп жатқаны рас па

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қазақ жерлерінің қытайлықтарға беріліп жатқаны туралы ақпаратқа пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ФЕЙК

Желіде Қазақстан Қытайға кең көлемді жер береді деген ақпарат әлі тарап жүр. Осыған қатысты министр жауабын берді. 

- Жер ресурстары комитеті бақылауда ұстайды. Себебі жер кодексіне байланысты шетелдік азаматтарға ешқандай жер берілмейді. Жалға да берілмейді. Ешқандай жер беріліп жатқан жоқ. Ол – фейк. Өзіміздің шаруалар жұмыс істеп жатыр. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерін Қытайға беру жоспары туралы ақпарат тараған болатын. Хабарлама авторлары бұл келіссөздер 2009 жылдан бері жүріп жатқанын және жалға берілмек жер аумағы 1,7 миллион гектарға жеткенін жазған. 

Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.