Оқу бағдарламасындағы өзгеріс: келешектің қамы ма, әлде кезекті реформа ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ тілі мен әдебиетіне тапсырған түлек 140 балл жинады

Қазақ тілі мен әдебиетіне тапсырған түлек 140 балл жинады
Фото: gov.kz

Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия негізгі ҰБТ-да 140 балл иегері атанды, деп хабарлайды kznews.kz.

2026 жылғы 1 шілде күні Қызылорда қаласында орналасқан аймақтық тестілеу орталығында Балхан Альфия «Қазақ тілі – Қазақ әдебиеті» пәндер комбинациясын таңдап, емтиханды сәтті тапсырды. Тестілеу нәтижесі бойынша 138 балл жинады. Сонымен қатар Альфия ҚАЗТЕСТ сертификатын пайдаланып, «Қазақ тілі» пәні бойынша балдарын конвертациялады. Осылайша қазіргі таңда Балхан Альфияның жалпы нәтижесі 140 балды құрайды.

«Мен 11-сыныптың алдында ҰБТ-ға жүйелі түрде дайындала бастадым. Менің арманым – педагог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу. Кішкентайымнан қазақ классикасын оқуға құмармын, ал менің сүйікті шығармам – Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы. Әдебиетке деген сүйіспеншілігім мені ұстаз болуға және ана тілімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті жас ұрпақтың бойына сіңіруге жетеледі. ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау көрсетіп, жігер берген ата-анама және ұстаздарыма алғысымды білдіремін», – деді Альфия.

Естеріңізге сала кетсек, 26 мамырда Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир 140 балл жинаған еді. Жалпы негізгі ҰБТ-ның жеті аптасында 340 мыңға жуық рет тест тапсырылды. Шекті балды 70% талапкер жинады, бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. 240 мыңға жуық талапкер негізгі ҰБТ-ға қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 446 мыңнан астам өтініш берген. ҰБТ 10 шілдеге дейін жалғасады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі