Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазақ тілді аудиторияға қысым" – Әділетхан Молдаханды қаралау компаниясы кімге тиімді?

"Қазақ тілді аудиторияға қысым" – Әділетхан Молдаханды қаралау компаниясы кімге тиімді?
Фото: instagram.com/adiletkhan/

Әлеуметтік желілерде заңгер Әділетхан Молдаханның тұтқындалуына байланысты қызу пікірталас өршіп тұр. Белгілі журналист және блогер Думан Бықай бұл жағдайға қатысты өз пікірін Facebook-тегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, соңғы уақытта бірқатар блогерлер, соның ішінде Михаил Козачков бастаған топ, Әділетхан Молдаханға қатысты сын материалдарын белсенді түрде тарата бастаған. Жазбада заңгердің екі жыл бұрынғы құқықтық мәселелері мен қызметтік тәртібіне байланысты полиция қатарынан шығарылғаны туралы деректер қайта көтерілгені айтылады.

Думан Бықай бұл әрекеттерді тек жеке тұлғаға бағытталған сын емес, кеңірек қоғамдық үдерістермен байланыстырады. Оның пікірінше, қазіргі таңда қазақ тіліндегі аудитория табиғи түрде өсіп, түрлі салада, соның ішінде құқықтық кеңістікте де ықпалын күшейтіп келеді.

«Қазақтілді мамандардың саны артып, олардың аудиториясы кеңейген сайын нарықтағы бәсеке де өзгереді. Бұл кейбір орыстілді медиа өкілдерінің экономикалық және ақпараттық мүдделеріне әсер етуі мүмкін», – деп жазады автор.

Сонымен қатар, блогер Әділетхан Молдаханның қызметі құқық саласында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге ықпал еткенін атап өтеді. Оның айтуынша, заңгер соңғы уақытта қоғамда резонанс тудырған бірқатар оқиғаларға қатысты ақпаратты қазақ тілінде таратып, құқықтық сауаттылықты арттыруға үлес қосқан.

Автор Әділетхан Молдаханның тұтқындалуын тек құқықтық мәселе ретінде ғана емес, тілдік және ақпараттық кеңістіктегі өзгерістер аясында қарастыру қажет деп санайды. Осы тұрғыда ол қоғамды бұл жағдайға бейжай қарамауға шақырады.

Айта кетейік полиция Әділетхан Молдаханның ұсталғанын растады. Қазір Молдаханға қатысты жалған ақпарат тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.