Белгілі тележурналист, Қазақ телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Қаралы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасы жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.
Сол жылы оның телевизиядағы алғашқы хабары эфирге шығып, журналистикадағы кәсіби жолы басталды.
Тілеуқабыл Мыңжасар "Хабар" агенттігі құрылған күннен бастап еңбек еткен. 1998 жылдан бастап телеарнаның Алматы облысындағы меншікті тілшісі қызметін атқарды.
Ол ұзақ жылдар бойы отандық телевизия саласында еңбек етіп, көрерменге түрлі тақырыптағы маңызды хабарлар мен репортаждар ұсынды.
Тілеуқабыл Мыңжасар қазақ телевизиясының дамуына үлес қосқан тәжірибелі журналистердің бірі ретінде ел есінде қалды.