Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ қариясы туған ағасын 67 жылдан кейін TikTok арқылы тауып алып, жылап қауышты

Қазақ қариясы туған ағасын 67 жылдан кейін TikTok арқылы тауып алып, жылап қауышты
stan.kz коллажы

Қазақстандық қарияның 67 жылдан кейін Қытайда қалған бауырымен табысуы елді тебірентті. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Семей қаласында тұратын Өрікбаевтар әулетінің басынан өткен бұл оқиғаны қарияның қызы Айкерім Қазыбекқызы айтып берді. Оның сөзінше, отбасының үлкен бөлігі шекара бөлінген кезеңде Қытай аумағында қалып қойған.

Қазыбек Өрікбайұлы – әулеттің кенжесі. Ол дүниеге келген кезде анасы көз жұмып, бес күннен кейін отбасы Қазақстанға көшуге мәжбүр болған. Ал сол кезде 17 жастағы ағасы Рамазан Шәріп Өрікбайұлы оқуына байланысты Қытайда қалып қояды. Содан бері бауырлар бір-бірін көрмеген.

Айкерімнің айтуынша, әкесі ағасын ешқашан көрмесе де, оның бар екенін біліп, өмір бойы іздеген.

"Әкем ағасын танымай өсті. Тек оның Қытайда қалғанын ғана білетін. Сол дерекпен өмір бойы іздеді", – дейді ол.

Алғашқы жылдары Рамазан Шәріп әкесімен байланыста болғанымен, әкесі қайтыс болған соң бұл қатынас үзіліп қалған. Кейін Қытайда қалған жалғыз ағайындары да біртіндеп өмірден өтіп, бауырлар бір-бірінен мүлде хабарсыз қалған.

Қазыбек Өрікбайұлы ондаған жыл бойы ағасын табуға тырысып, түрлі бағдарламаларға да жүгінген.

"Жди меня", "Бармысың, бауырым” сияқты бағдарламаларға бірнеше рет хат жазды. Бірақ нәтиже болмады", – дейді Айкерім.

Араға 67 жыл салып, тағдыр күтпеген жерден тоғыстырған. Былтыр қазан айында Рамазан Шәріптің ұлы түсірген видео Қытайдың TikTok желісінде жарияланып, кейін Қазақстанға тарайды. Видеода қария өзін таныстырып, туыстарын іздейтінін айтады.

"Видеоны көрген сәтте бірден таныдым. Себебі "Өрікбай" деген фамилияны анық айтты", – дейді Айкерім.

Видео әкесіне көрсетілгенде, Қазыбек Өрікбайұлы қуаныштан көз жасын тыя алмай, ұзақ уақыт бойы өз-өзіне келе алмаған. Алғашында байланыс орнату мүмкін болмай, тек WeChat арқылы сөйлесе алған.

Қазыбек Өрікбайұлы бірден Қытайға баруға асыққанымен, виза мәселесіне байланысты сапар кейінге шегеріліп, екі айдан соң ғана жолығады. Осылайша 23 қаңтар күні екі бауыр 67 жылдан кейін алғаш рет қауышқан.

"Қытайда бір аптадай болдық. Әкем мен көкем бір сәтке де бір-бірінен ажырамады. Түнге дейін сырласып, өткен өмірді еске алды", – дейді Айкерім.

Қазір Рамазан Шәріп Қытайдың Бэйтунь қаласында тұрады. Оның жұбайы, төрт баласы бар (бір баласы өмірден өткен). Алдағы жазда қазақстандық тараптың Қытайға қайта бару жоспары бар.

Айкерім Қазыбекқызы бұл оқиғаға қоғамның үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтып, болашақта отбасының тағдырлы тарихы жайлы кітап жазуды жоспарлап жүргенін де жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер