Қазақстанның 71% мұғалімі өз жалақысына көңілі толады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ циркі шетелден алтын мен күміс жүлдені қатар алып қайтты

Қазақ циркі шетелден алтын мен күміс жүлдені қатар алып қайтты
Фото: GOV.KZ

Қазақ мемлекеттік циркі Алматыда халықаралық гастрольдік жобасын ұсынып, әртістерінің әлемдік аренадағы жарқын жеңісі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Цирк басшылығы мен әртістері италиялық Belissimo бағдарламасының гастрольі басталғанын, сондай-ақ Ташкентте өткен халықаралық фестивальде қатарынан алтын мен күміс жүлдеге ие болғандарын қуана хабарлады.

Әлемге танымал әртістер Флавио мен Бруно Тонидің жетекшілігімен өтетін Италия циркінің Belissimo бағдарламасы Алматыға гастрольдік сапармен келеді. Шоу техниканы, талғампаздықты, әзіл мен италиялық темпераментті шебер үйлестіріп, көп елде көрерменнің ыстық ықыласына бөленген.

«Алматы циркінің манежінде бенгал мен ақ жолбарыстар, сондай-ақ Орталық Азияда алғаш рет бірегей алтын жолбарыстар өнер көрсетеді осы жолы. Бағдарламада үш мәрте сальто-мортале жасайтын акробаттар, эквилибристер, жонглерлер мен арқан бойымен жүретін әртістер, әсем жылқы нөмірлері, нәзік италиялық әзілге құрылған клоунада, қарқынды музыка мен әсерлі визуалды шешімдер бар», – дейді цирк директоры Мақсат Жайықов.

Белгілі цирк әулетінің өкілі саналатын Флавио мен Бруно Тони Monte-Carlo International Circus Festival фестивалінде бірден бес мәрте (оның ішінде алтын және күміс) марапатқа ие болған бірегей цирк ұжымы. Отбасылық аудиторияға арналған олардың бағдарламасы балалар мен ересектерді бірдей баурап алады. Belissimo-ның Алматыдағы гастрольі 14 ақпанда басталып, 24 наурызға дейін жалғасады. 

Әулеттің төртінші буын мүшесі Флавио Тонидің айтуынша, отбасы Алматыны гастрольге әдейі таңдап алыпты.

«Біз бұл әсем қалаға арнайы келдік, себебі Еуропада Алматының циркі туралы көп естідік. Оны мықты әрі беделді сахна санайды, сондықтан осында жұмыс істеп көргіміз келді», – дейді әртіс.

Алғашқы қойылымнан-ақ Алматыны дұрыс таңдағанына көз жеткізіпті.

Бруно Тони жануарлармен 13 жасынан бері жұмыс істейді, бүгінде 11 жолбарыстан тұратын топпен өнер көрсетеді. Оның айтуынша, әртістер көрермендердің есінде қалатындай ерекше өнер көрсетуге тырысады екен.

Гастрольдік жобалармен қатар, Қазақ мемлекеттік циркінің әртістері II International Youth Festival of Circus Art Silk Road фестивалінде ел намысын абыроймен қорғады. Байқау қорытындысы бойынша алматылық әртістер алтын мен күміс жүлдені қатар алып, үлкен қуанышпен елге оралған.

Алтын медаль «Әуе сферасы» атты жұптық сақина жанрындағы нөмірі үшін Жасмин Алшынбаева мен Авелина Гузейге (жетекшісі — Зарина Тапалова) табысталды. Күміс жүлдені «Доптарды еденге соғып жонглерлеу» нөмірімен (жетекшісі — Равиль Сейдгариев) Алматылық цирк әртісі Салаватов Али жеңіп алды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.