"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

қазақ баласы Меладзе мен Лободаны тәнті етті

қазақ баласы Меладзе мен Лободаны тәнті етті

Қазақстандық Ержан Максим "Голос. Дети" ресейлік байқауының келесі кезеңіне жолдама алды

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Ержан Максим ресейлік "Голос. Дети" тележобасына қатысып, танымал әншілерді зор дауысымен таңғалдырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

11 жастағы Ержан жобаға қатысу үшін Оралдан Мәскеуге арнайы келген. "Голос. Дети" жобасында ол танымал италиялық опера әншісі Андреа Бочеллидің Ama credi e vai әнін тамылжыта орындап берді.

Оның әнді шырқаған видеосы Youtube желісінде жарияланды.

Ержанның әнді нақышына келтіре орындауы ресейлік танымалар әншілерді тәнті етті. Тележобаның әділ қазылары Валерий Меладзе, Светлана Лобода, Пелагея 11 жастағы баланың музыкалық қабілетіне жоғары баға берді. 

Қазақстандық әнші "Голос. Дети" конкурсындағы тәлімгері ретінде Валерий Меладзеді таңдады.

"Мінеки инстадостар, өздеріңіз көріп куə болдыңыздар! Мен Валерий Меладзені таңдадым! Алда əлі жұмыс көп! Баршаңызға үлкеен рахмет! Енді " Жекпе-жекте" кездескенше", - деді Ержан Іnstagram желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, осыған дейін 11 жастағы оралдық әнші 2018 жылы Қазақстанда өткен Junior Eurovision байқауына қатысқан.


sputniknews.kz
Автор
Жандос