Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әкім Тарази өмірден озды

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әкім Тарази өмірден озды

Шын есімі — Әкім Ұртайұлы Әшімов. Ол – қазақ әдебиетінде терең философиялық прозалар мен әсерлі драмалық шығармаларымен танылған қаламгер. Адам жанының күйін, рухани ізденістерді, тарихи өзгерістерді шебер сипаттай білген жазушы ретінде әдебиет сүйер қауымның жоғары бағасын алды.

1956 жылы еңбек жолын бастаған Әкім Тарази әр жылдары мұғалім, журналист, киносценарист, редактор, мәдениет саласының кеңесшісі секілді түрлі қызметтер атқарды. Ол "Ара" журналында фельетонист, "Қазақстан пионері" газетінде жауапты хатшы, "Қазақфильмде" бас редактор, ал 1986-1991 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болды. Сондай-ақ Мәдениет министрлігінде кеңесші, "Қаржы-қаражат" журналының бас редакторы, кейін Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының доценті қызметін атқарған.

Мәдениет пен өнерге сіңірген еңбегі үшін түрлі марапаттарға ие болған Әкім Тарази – ұлт руханиятының жанашыры, терең ойлы қаламгер ретінде ел жадында мәңгі сақталады.

Марқұмның отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.