Әлем

39 адам қаза тапты: Жоғары жылдамдықтағы екі пойыз қақтығысып, жантүршігерлік апат болды

Дархан Тоқан Дархан Тоқан
39 адам қаза тапты: Жоғары жылдамдықтағы екі пойыз қақтығысып, жантүршігерлік апат болды
Фото: Ашық дереккөзі

Испанияның оңтүстігіндегі Кордова провинциясының Адамус қаласы маңында екі жоғары жылдамдықты пойыз соқтығысып, соңғы мәлімет бойынша 39 адам қаза тапты, 152 адам жарақат алған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 2026 жылғы 18 қаңтар күні кешкі сағат 19:45 шамасында болған. Ішкі істер министрлігінің алдын ала дерегінше, Малага – Мадрид бағытымен жүрген Iryo компаниясының пойызы рельстен шығып, қарсы бағыттағы жолға түсіп кеткен. Сол сәтте Мадридтен Уэльваға бет алған Renfe компаниясының пойызымен соқтығысқан.

Құтқарушылардың айтуынша, соққы ең қатты тиген вагондарда адамдар қысылып қалған. Жараланғандар жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізіліп, кейбірі ауыр жағдайда ем қабылдап жатыр. Құтқару қызметі вагондарды түгел тексеруді жалғастыруда.

Апатқа байланысты Испания премьер-министрі Педро Санчес жағдайды бақылауына алғанын мәлімдеді. Елдің көлік министрі Оскар Пуэнте оқиғаның себептері әзірге анықталмағанын айтып, тергеу жүріп жатқанын жеткізген. Сонымен қатар ақпарат көздері Мадрид пен Андалусия арасындағы жүздеген пойыз қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлады.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz