KZNews.kz
Спорт

"Қайтадан Реал келе ме?" – "Қайрат" бесінші мәрте ел чемпионы атанды

KZNEWS
Фото иллюстрация: Kznews, Reuters

Чемпионат мәреге жақындағанда алтыннан қос ұжым "Қайрат" пен "Астана" үмітті болған. Алайда алматылықтар бұл жетістікке бір табан жақын болды. Себебі тең ойын да қайраттықтар үшін жеткілікті болатын. 

Оның үстінде ойын Алматының Орталық стадионында өтті. Алғашқы тайм "Қайрат" клубының басымдығымен өтсе де, голды "Астана" капитаны Марин Томасов салып, елордалықтарда алға шығарған. Алайда екінші таймда керісінше "Астана" шабуылға зейін қойғанмен, голды "Қайраттың" сұрмергені Дастан Сәтпаев соқты. Ойын аяқталуға бірер секунд қалғанда дәл сол Томасов қақпаның дәл алдында тұрып, гол сала алмай, добы бағанаға тиді.

Осылайша "Қайрат" қатарынан екінші мәрте ел чемпионы атанды. Келесі жылы Еуропаның Чемпиондар Лигасында қайтадан "Қайрат" бағын сынайтын болады. Егер Еуропа алаңдарында биылғыдай атой салып ойнайтын болса, ЧЛ негізгі кестесіне қайтадан шығуға мүмкіндік бар. Ал ондай жағдайда жеребе "Реал Мадридті" тағы бір мәрте Алматыға алып келуі мүмкін.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары