KZNews.kz
Спорт

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Ақтөбеге» қарсы ойында жарақат алды

Айжан Сыланова

Қазақстан чемпионатының 23-турында «Қайрат» пен «Ақтөбе» командалары кездесті. Ойынның 10-минутында Анарбеков допты қағып алмақ болған сәтте қарсылас ойыншымен соқтығысып қалды. Қақпашыға медициналық көмек көрсетілгенімен, ол матчты жалғастыра алмады.

Нәтижесінде 13-минутта 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қақпашы ретінде алаңға шықты. Шамамен 20 минуттан кейін жедел жәрдем келіп, Анарбековті стадионнан алып кетті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →