Қоғам

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттерінің бағасы белгілі болды

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билеттерінің бағасы белгілі болды

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі "Қайрат" пен "Реал Мадрид" ойынына билеттер сатылымы 23 қыркүйек кешке басталады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Билеттерді Kairat SuperApp, клубтың веб-сайты және Ticketon, Freedom арқылы сатып алуға болады. 1 ЖСН-мен екі билетті сатып алу лимиті қолданылады. Құжаттарды тексеру стадионның кіреберісінде жүргізіледі.  

"Қайрат" – "Реал Мадрид" матчының билет бағасы төмендегідей:

  • Батыс стенд: 30 000 теңгеден (1-9-секторлар, 1-2-жолдар) 250 000 теңгеге дейін (1-17-секторлар);
  • Шығыс стенд: 150 000 теңге (30-48 секторлар);
  • Солтүстік және Оңтүстік стендтері: 75 000 теңге (18-28 және 49-60 секторлар).

Ұйымдастырушылардың айтуынша, баға саясаты УЕФА-мен келісілген және "Қайраттың" Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы барлық матчы үшін бірдей.

Еске салсақ, Тұрсен Алагөзов "Қайрат" футболшыларына "Реалды" жеңсе, бір-бір көлік сыйлайтынын айтқан еді. 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz