"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қай жеріңе кедергі жасап жатыр": Меруерт Түсіпбаева хиджаб мәселесіне қатысты заңды қолдайтынын жеткізді

"Қай жеріңе кедергі жасап жатыр": Меруерт Түсіпбаева хиджаб мәселесіне қатысты заңды қолдайтынын жеткізді

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева еліміздегі хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі дін мәселесіне қатысты заңды қолдайтынын жасырмады. 

“Қазақстанда бет-әлпетті тұмшалауға тыйым салынады. Өз басым, Бекшин сияқты “наконец-то” дедім. Сіз келісесіз бе?”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің мұсылман екенін еске салды. 

“Орамал тағу – мұсылмандарға парыз”, “Қай жеріңе кедергі жасап жатыр”, “Ұлттық құндылығымызға қарама-қайшы”, “Заң тезірек қабылдансын”, “Хиджабты не үшін киіп жүргендерін білмейтіндер бар”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті бүркемелейтін киім киюге шектеу қою мәселесі талқыланып жатқан еді. 

“Заң аясында бұл мәселе әлі реттелмеген. Бетін тұмшалайтындар туралы біз енді қарайтын боламыз. Өйткені депутаттар осыны сауал ретінде жолдады. Қазір оны жан-жақты зерделеп жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айтқанмын. Әрине, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда, ниқабтарға тыйым салған дұрыс", – деді Аида Балаева.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.