Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қатігездікпен өлтіріп, суға тастаған: Алматыда із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды

Қатігездікпен өлтіріп, суға тастаған: Алматыда із-түзсіз жоғалған жігіттің мәйіті табылды
Ашық дереккөз

Алматы қаласында бірнеше күн бұрын жұмыс орнынан шығып, қайта оралмаған Ерзат Егізбай өлі күйінде табылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның жеңгесі Шаттық Жүргенованың хабарлауынша, азаматтың мәйітін Космос ауылының маңындағы су айдынынан жергілікті балықшылар байқап, дереу құзырлы органдарға хабар берген. Алдын ала болжамдар бойынша, жас жігіт қатыгездікпен өлтіріліп, қылмыс ізін жасыру мақсатында суға тасталуы мүмкін. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары басталды. 

Жоғалған жігіттің туыстары оқиғаның алғашқы күнінен бастап іздеу шараларын өз күштерімен жүргізгендерін мәлімдеді. Олар аймақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын өздігінен тексеріп, марқұмның ең соңғы жүрген бағытын анықтауға тырысқан. Сонымен қатар жақындары бұл процесс барысында жауапты құқық қорғау органдары тарапынан көрсетілген жедел әрекет пен көмектің жеткіліксіз болғанын алға тартуда.

Қайғылы жағдайға байланысты марқұмның отбасы мен жақындары айуандықпен жасалған қылмысқа қатысы бар кінәлі тұлғалардың заң алдында толықтай жауап беріп, ең ауыр әрі әділ жаза алуын талап етіп отыр. Сонымен қатар зардап шегуші тарап іздестіру шараларына салғырттық танытты деп есептейтін жауапты лауазымды тұлғалардың да қызметтік жауапкершілігін қарау қажеттігін алға тартты.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.