Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қате ғой, жігіттер“: Ақтөбе облысында полиция тоқтатқан әкімнің орынбасарының видеосы тарады

“Қате ғой, жігіттер“: Ақтөбе облысында полиция тоқтатқан әкімнің орынбасарының видеосы тарады
Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімінің орынбасары делінген азаматтың қатысуымен видео тарап жатыр. Өңірлік полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желілерде қызметтік көлік жүргізушісі патрульдік полицияның тоқтау туралы талабына бағынбағаны туралы ақпарат тарады. Көлік тоқтатылғаннан кейін жүргізуші патрульдік көлікке барудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Сол кезде жолаушы – аудан әкімінің орынбасары делінген азамат та – полиция әрекетіне наразылық білдірген.

"Мені тоқтатуларың қате ғой, жігіттер", – дейді ол қызметкерге.

"Дамир, сенімен кейін сөйлесеміз. Мен сес көрсетіп тұрған жоқпын", – деп қосты ол полицейге қарата.

Полиция не дейді?

Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша тексеру жүргізілгенін хабарлады. Патрульдік полиция қызметтік көлікті түнгі уақытта пайдаланылу заңдылығын тексеру үшін тоқтатқаны белгілі болды.

"Жүргізуші полиция қызметкерінің көлікті тоқтату туралы заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ видеожазбаны зерделеу барысында көлікте жолаушы ретінде отырған аудан әкімі орынбасарының әрекетінен қоғамдық тәртіпті бұзу белгілері анықталған жоқ", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының әкімдігі бұл оқиғада мемлекеттік қызметшінің кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.

Дегенмен шенеуніктің полицейге айтқан сөздеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізілетін-жүргізілмейтінін өңір әкімдігі нақтыламады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.