Бақытгүл Хаменоваға қатысты жаза өзгертілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент марапаттарды Ұстаздар күніне арналған жиын барысында берді.

Президент қолынан мектеп мұғалімдерімен бірге колледж және жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін мамандар да марапат алды.
Осыған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздарды келе жатқан кәсіби меркелерімен құттықтаған болатын. 

Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп, ұстаздар қауымына зор құрмет көрсетілетінін айтты.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.