Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ішкі істер органдары қызметкерлерінің жаңа киім үлігісі таныстырылды деп хабарлайды "Хабар 24".
Фото: Ақорда
Полицейлердің жаңа киім үлгісін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов таныстырды.
Фото: Ақорда
Дереккөздің мәліметінше, бұл киімдердің соңғы нұсқасы болып табылады екен.
Ал телесюжет кадрларынан полицей киімдерінде латынша POLITSIIA деген жазуды аңғаруға болады.
Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24
Сондай-ақ, қазақстандық құқық қорғау органдары шевронының дизайны өзгереді. Ол енді ақ-қара түсті болады. Ал жазулар латын қарпінде жазылады.
Фото: Видеодан кадр/ Хабар 24
Көшеде жұмыс істейтін полиция қызметкерлері үшін жыл мезгіліне байланысты кепкалар, тоқылған бас киімдер мен құлақшын сынды бас киімдер қарастырылған.
Дереккөз: Хабар 24
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
Тағы да оқыңыздар