Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекет басшысын Ыстықкөл халықаралық әуежайында Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы әрі Президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде мен 1 тамыз аралығында өтетін бейресми кездесуге қатысады.
Жиын барысында Орталық Азия елдері мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастықты нығайту, өңірлік өзара іс-қимылды дамыту және мемлекеттерді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау жоспарланған.