KZNews.kz
Басты тақырып

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды

KZNEWS
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Ақордада қарсы алды.
Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Фото: akorda.kz
Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz
Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.
Фото: akorda.kz
Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Қытай басшысы құрметті қарауыл бастығымен қоштасты. Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары