Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапарымен барды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-тегі парақшасына жазды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев 9 мамыр күні Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған парадқа қатысады. Бұл шараға Ресей тарапы ТМД-ға мүше елдердің басшыларын шақырған», - деп хабарлады Руслан Желдібай.