Жаңалықтар

Қасиетті өнерді қолжаулыққа айналдырғандарға мың дүре соқтырар едім – Думан Рамазан

Қасиетті өнерді қолжаулыққа айналдырғандарға мың дүре соқтырар едім – Думан Рамазан
ашық дереккөзден

Белгілі жазушы Думан Рамазан желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Қасиетті өнерді қолжаулыққа айналдырғандарға мың дүре соқтырар едім. Ана бір топас, білімсіз, бастарында титімдей ми жоқ бейшаралардың кино түсірген не теңі екен?! Олар қайбір жақсы дүние түсірер дейсің?! Кино түсіріп емес, арақ-шарап сатып табыс тапса жөн болар еді. Арсыздықпен алға ұмтылып, қолдарынан келмейтін іспен айналысып, қасиетті өнердің қадірін әбден қашырып жіберді. Есі бар адам қолынан келетін іспен айналысады ғой, ессіздер ғана қолынан келмеске ұмтылады. Қасиетті өнердің киесі ұрады ғой!

Кино түсіру оңай емес. Қасиетті өнер туындысын тек марқұм Сатыбалды Нарымбетов ағаларымыз секілді майталман мамандары ғана түсіруі керек. Кім көрінген түсіріп, пайда табатын нәрсе емес ол. Соны түсіне алмайтын ессіздерге не дейсің?! Осыған тиым салатын біреу бар ма, өзі?.. Не пәле мынау?..

Қолымда билігім болса, қасиетті өнерді осылай қолжаулыққа айналдырған қасиетсіздерге мың дүре соқтырар едім. Әттең, құр кіжінгеннен басқа қолдан келер ештеңе жоқ... Өкінішті!.." – деп жазды Думан Рамазан.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz