KZNews.kz
Қоғам

«Қарындасын қорқытқысы келген»: Таразда 15 жастағы жасөспірім өтірік суицид жасаймын деп қайтыс болды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Оқиға алдында жасөспірім қарындасымен жанжалдасып, оны ұрып жіберген. Қарындасы бұл жайтты анасына айтатынын жеткізген соң, ағасы оны қорқытпақ болған. Біраз уақыттан кейін қарындасы ағасын ес-түссіз күйде тауып, жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Марқұм – төрт баланың тұңғышы. Отбасы толық емес: әкесі бөлек тұрады, ал анасы жұмыссыз.

Жамбыл облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты ақпаратты растады, бірақ тергеу мүддесіне байланысты толық мәлімет бермеді. Қазір бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша іс қозғалды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары