KZNews.kz
Әлем

Қарулы қақтығыс: 12 адам зардап шекті, екеуі көз жұмды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Алдын ала мәлімет бойынша, бірнеше қаруланған топ штат астанасындағы танымал түнгі ойын-сауық ауданында өзара қақтығысып, бір-біріне оқ атқан.

Монтгомери полициясының бастығы Джеймс Грейбоустың айтуынша, жараланғандардың үшеуінің жағдайы өте ауыр. Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 23:30-да болған. Қарулы адамдар адамдар көп жиналған жерде оқ жаудырған.

Қазіргі уақытта полиция күдіктілерді анықтау және қылмыстың мән-жайын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әзірге ешкімге ресми айып тағылған жоқ.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары