Шоу-бизнес

Қарлығаштардың ұясын сақтап қалғысы келген құрылысшы жұмыстан шеттетілді

Қарлығаштардың ұясын сақтап қалғысы келген құрылысшы жұмыстан шеттетілді
Фото: ашықдереккөз

Экскаватор жүргізушісі Асқар Иманғали бірнеше апта бұрын қазылған траншеядан шиқылдаған дыбысты естіп, жақындап барғанда ондаған тірі балапанды байқап қалған. Оның айтуынша, жұмысын жалғастыруға дәті бармаған.

«Ковшты түсіре алмадым. Жаным ашыды. Бұл — тіршілік қой. Жұмысымнан айырылып қалатынымды білдім, бірақ олардың өмірін қиғым келмеді», — дейді құрылысшы.

Асқар бұл сәтті видеоға түсіріп, компания басшылығына жіберген. Бұған дейін Теңіз кен орнында дәл осындай жағдай болғанда, шетелдік мердігерлер ұядағы балапандар ұшып кеткенше жұмысты тоқтатқанын да еске салды.

Алайда бұл жолы жағдай басқаша өрбіді — келесі күні траншея құммен көміліп, Асқар Иманғали жұмыстан шеттетілді. Оның орнына басқа оператор шақыртылған.

«Барып көмектесе алмадым. Балапандар тірідей көміліп қалды. Бұл — мен үшін нағыз жан күйзелісі болды», — дейді ол.

Оқиға әлеуметтік желіде кең қолдау тапты.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz