“Түсіндірме жұмысы” – Конститутциядан орыс тілін алып тастауды талап еткен Дина Елгезектің үйіне полиция барды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қаралы хабар! Халық әртісі, танымал тележүргізуші көз жұмды (ФОТО)

Қаралы хабар! Халық әртісі, танымал тележүргізуші көз жұмды (ФОТО)
ашық дереккөзден

Ресейдің халық әртісі, аты аңызға айналған тележүргізуші Юрий Николаев 76 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ол ұзақ жылдар бойы көрерменге жақсы таныс "Утренняя почта", "Утренняя звезда" және басқа да танымал телебағдарламаларды жүргізген, деп хабарлайды kznews.kz.

Юрий Александрович Николаев 1948 жылдың 16 желтоқсанында Кишинев қаласында дүниеге келген. Ол телевизиядағы шығармашылық жолын 1973 жылы бастаған. Қысқа уақыттың ішінде елдің ең танымал және сүйікті тележүргізушілерінің біріне айналды.

Өзінің мансабы барысында Николаев көптеген жобаны жүргізіп, кеңес және ресейлік теледидар тарихында ерекше із қалдырды. Оның қатысуымен шыққан "Утренняя почта", "Утренняя звезда", "Достояние республики" сияқты бағдарламалар миллиондаған көрерменнің жүрегінен орын тапты.

1998 жылы Юрий Николаев "Ресейдің халық әртісі" атағын алды. Сондай-ақ ол телевизия саласына қосқан зор еңбегі үшін бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған.

Көрермендер мен әріптестері Николаевты шебер, кішіпейіл және кәсіби тұлға ретінде еске алып, оның жұмысы бірнеше буын көрерменге шабыт сыйлағанын айтып отыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер