"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандылық өнеркәсіп орындары 2 трлн теңгеден астам соманың өнімін өндірді

Қарағандылық өнеркәсіп орындары 2 трлн теңгеден астам соманың өнімін өндірді

2018 жылғы 13 желтоқсан 01:19 12

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы 2018 жылды жақсы нәтижелермен аяқтап келеді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық көрсеткіштері бойынша өсім байқалып отыр, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов облыстық мәслихаттың ХХ сессиясында мәлімдеді. 

- 11 ай аралығында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің динамикасына қол жеткізілді. Өнеркәсіпте 2,3% өсім бар - 2 трлн теңгеден астам сомаға өнім өндірілген. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісі 4,2% өсті. 362 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. Ол өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,8%-ға жоғары, - деп атап өтті облыс әкімі. 

Негізгі капиталға инвестициялар 110 млрд теңгеге немесе 26,6% ұлғайды. Шағын бизнесте де өсім бар, бұл салада қазіргі таңда 84 мыңнан астам субъектілер қызмет етеді. 

- Экономика өсуінің оң динамикасы бізге жыл соңында толық көлемде барлық әлеуметтік міндеттерді орындауға, сондай-ақ даму бюджеті жобаларының қаржыландыруын орындауға мүмкіндік береді, - деді Ерлан Қошанов. 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Әлихан