Қарағандыдағы жеткіншектер төбелесі орын алған пиццерия өкілі бұл жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
Фото: Видеодан кадр
"Біз төбелесті пиццерияның кіре берісінде көрдік. Ол уақытта ас үйде болғанбыз. Ал залдың ішінде олардың арасында ерегіс те, төбелес те болған жоқ", -деді Қазақстан бойынша пиццерия желісінің ресми өкілі.
Оның сөзінше, төбелестің себебі пиццерияда орын босатуды сұрау болуы мүмкін емес.
"Орын әрдайым бар. Тіпті, бос орын болмаса да, үстелдер тез босайды", -деді менеджер.
Полицияда бұл іс "Бұзақылық" бабы бойынша тергеліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz