Аймақ

Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті табылды: полицейге куәгер құқығы берілген

Қарағандыда учаскелік тірек пунктінен жалаңаш қыздың мәйіті табылды: полицейге куәгер құқығы берілген
Фото: видеодан алынды

Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Мәжіліс кулуарында учаскелік полицейдің әйел адамның мәйіті жанында табылуына қатысты резонансты жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әділов Қарағандыдағы тірек пунктте болған оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатқанын, оны ІІМ Ішкі қауіпсіздік департаменті жүргізіп жатқанын айтты.

"Өздеріңіз білесіздер, қылмыстық іс бойынша кешенді бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Олар аяқталғаннан кейін біз бұрын уәде бергеніміздей, тергеу нәтижелері және әйел адамның өліміне қатысты алдын ала себептер туралы толық ақпарат береміз.
Қосымша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қазір ол  қорғану құқығы бар куәгер", - деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта іс бойынша қажетті дәлелдер жиналып жатыр.

"Егер оның процессуалдық мәртебесін өзгертуге негіз болатын жағдайлар анықталса, бұл қылмыстық процесс шеңберінде прокуратура органдары арқылы жүзеге асырылады. Оған қатысты бұлтартпау шарасы қолданылған жоқ",  - деді вице-министр.

Айта кетейік, 30 қыркүйек күні кешкі уақытта Қарағандыдағы учаскелік полиция тірек пунктінен ес-түссіз жатқан полиция қызметкері мен жалаңаш қыздың денесі табылды.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz