Елдегі ең ықпалды әйелдер. Олар кімдер?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда саяжай төрағасы мен қоғам белсендісін өлтіріп кетті: күдікті ұсталды

Қарағандыда саяжай төрағасы мен қоғам белсендісін өлтіріп кетті: күдікті ұсталды
Фото: ЖИ арқылы жасалды

Қарағандыда саяжай қоғамының төрағасы мен жергілікті қоғам белсендісі қаза тапты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды,деп хабарлайды kznews.kz Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желідегі ақпаратта қаза тапқандардың бірі саяжай қоғамының төрағасы, ал екіншісі қоғам белсендісі болғаны айтылған. Бұл туралы Instagram-дағы жарияланымда хабарланған.

Оқиға 6 қыркүйекте Қарағандының Әлихан Бөкейхан ауданындағы «Оптимист» саяжай қоғамында болған. Полиция мәліметінше, сол жердегі үйлердің бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылған. Екеуінің де жарақат белгілері болған.

Қаза болған ер адам саяжай қоғамының төрағасы әрі заңгер болған. Ал әйел жергілікті қоғам белсендісі ретінде танылған.

Полиция қызметкерлері күдікке ілінген 56 жастағы Қарағанды тұрғынын ұстады. Ведомствоның мәліметінше, ер адам кінәсін мойындаған.

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал саяжай тұрғындарының айтуынша, қылмысқа қоғам төрағасы қызметіне байланысты туындаған жанжал себеп болуы мүмкін. Бұл нұсқа әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Тергеу жалғасып жатыр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі