KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Қарағандыда мәслихат депутаты жиналыста темекі тартқан (видео)

• Азамат Қойшығара

Әлеуметтік желілерде тараған онлайн-кеңес барысында түсірілген видео - депутаттың темекі шегіп отырғаны полицияның назарына түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Тексеру нәтижесінде оқиғаға Осакаров ауданының өкілді органының басшысы қатысқаны анықталды. 

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында Zoom платформасында өткен онлайн-кеңес кезінде түсірілген бейнежазбаны анықтады. Видеода депутаттың қызметтік кабинетте отырып, электронды темекі тартқаны көрінеді.

Полиция қызметкерлері бейнежазбадағы адамның кім екенін анықтады. Ол Қарағанды облысы Осакаров аудандық мәслихатының төрағасы болып шықты.

Тексеру қорытындысы бойынша оған қатысты заңнамаға сәйкес шара қабылданды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Қарағанды облысының полиция департаменті заң талаптарын сақтау лауазымына, мәртебесіне немесе қоғамдық жағдайына қарамастан әр адам үшін міндетті екенін атап өтті.

— Заң мен тәртіп баршаға бірдей, ешкімге ерекшелік жоқ, — деп атап өтті ведомствода.

Азамат Қойшығара
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда т...
Автордың басқа материалдары →