Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда ер адам сауда орталығын жарып жіберемін деп қорқытты

Қарағандыда ер адам сауда орталығын жарып жіберемін деп қорқытты

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мереке күні сауда орталығында 500-ге жуық адам болған

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз — Sputnik. Қарағандыда "Таир" сауда орталығында дүйсенбі күні төтенше оқиға болды.

Бұл туралы хабар полицияға 19.46-да түскен. Орталық қызметкерінің айтуынша, белгісіз біреу ғимаратты жарып жіберемін деп қорқытыпты, деп хабарлайды жергілікті Ekaraganda.kz басылымы.

Ғимараттан 500-дей адам эвакуацияланды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы мен сауда орталығының күзет қызметі 31 және 39 жастағы екі тұрғынды ұстады. Екеуі де мас болған.

Белгілі болғандай, 31 жастағы ер адам күзетшілерге сауда орталығын жарып жіберемін деп мәлімдеген, алайда полиция қызметкерлері қала тұрғынын тінту барысында ешқандай жарылғыш зат тапқан жоқ.

31 жастағы қарағандылыққа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 438-бабы 1-тармағы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ал оның 39 жастағы досына – 440-бап 3-тармақ бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу).


sputniknews.kz
Автор
Арман