Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды

Қарағандыда екі адамды өлтірді деген күдікпен 56 жастағы ер адам ұсталды
Көрнекі фото: Boris Roessler/picture alliance via Getty Images

Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжайлардың бірінен оқ жарақаттары бар 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің "Кісі өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді", – деп хабарлады полиция.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Әлеуметтік желілерде тараған мәлімет бойынша, қаза тапқан ер адам саяжай бірлестігінің төрағасы әрі заңгер, ал әйел жергілікті қоғам қайраткері болған.

Сондай-ақ желіде қылмысқа саяжай бірлестігі төрағасының қызметіне қатысты дау себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып жатыр. Алайда бұл ақпаратты полиция ресми түрде растаған жоқ.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер