Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағанды облысында ЖКО нәтижесінде төрт адам көз жұмды

Қарағанды облысында ЖКО нәтижесінде төрт адам көз жұмды

Жол апатына кінәлі деп болжанған адамға медицналық көмектен соң ауруханаға жату қажет болмаған.

5-ақпан күні Қарағанды облысының Осакаровка ауданында екі автокөліктің қатысуымен адам өлімімен аяқталған ірі ЖКО болды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомстваның мәліметінше, жан түршігерлік жол апаты күндіз сағат 12.00 шамасында "Қарағанды-Жастар" авто жолында Еңбек ауылына бес шақырым жерде орын алған.

"Алдын ала болжам бойынша, Hyundai Tucson автокөлігінің 40 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 45 жастағы облыс тұрғыны тізгіндеген Lada автомашинасымен қақтығысқан. ЖКО салдарынан Lada автокөлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы алған жарақаттардың нәтижесінде оқиға орнында тілге келместен жан тапсырды. Ал Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісіне медициналық көмек көрсетілді, бірақ ауруханаға жатқызылған жоқ",-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-тармағына сәйкес сот алды тергеу жұмыстары басталып, қажетті сарапатамалар да тағайындалды.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/
Автор
Бауыржан