Атыраудан Индонезияға дейін: Резонансты іске күдіктілердің табылған жері
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қарағанды облысында үш бірдей пәтер өртеніп, ер адам қайтыс болды - новости Казахстана

Қарағанды облысында үш бірдей пәтер өртеніп, ер адам қайтыс болды - новости Казахстана

Қарағанды облысы Бұхар-жырау ауданы Көкпекті ауылында үш бірдей пәтер өртке оранып, салдарынан ер адам қаза тапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: cdn.minval.az

Ең жақын өрт сөндіру станциясы оқиға орнанын 10 шақырым жерде орналасқан.

Өрт сөндірушілер келген уақытта қызыл жалын бір қабатты пәтерден екі көрші пәтерді жалмап үлгерген және жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрайтын шатырға таралып кетіпті.

Үш үйді бірдей шарпыған тілсіз жауды ауыздықтауға жеті арнайы техника жəне 27 құтқарушы жұмылдырылған.

Жалынды сөндіру кезінде құтқарушылар өртенген адамның денесін тапты. Оның жеке басы анықталып, 1962 жылы туған азамат екені белгілі болды.

Өрт шығуының болжалды себебі - отқа сақтықпен қарамау.

Үй-жайсыз қалған үш отбасы қазіргі уақытта туысқандарын паналауда.

Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали

Тағы да оқыңыздар

Автор
Санжар