Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қара бетперде киген жігіт науқас қызы бар әкеге үй сыйлады

Қара бетперде киген жігіт науқас қызы бар әкеге үй сыйлады
Фото: sn.kz

Қара бетперде тағып жүретін белгісіз меценат эпилепсиямен ауыратын қызын жалғыз тәрбиелеп отырған әкеге жаңа үй сыйлады, деп хабарлайды kznews.kz.

Еркебұлан – II топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты әке. Оның өзі де неврологиялық дертпен ауырады, ал қызы эпилепсиямен күресіп жүр және дамуында кешеуілдеу бар. Ол күнкөріс үшін қызын ертіп алып, курьер болып жұмыс істейді. Әйелі 2022 жылы ми ісінуінен көз жұмған, емдету үшін алған 2 млн теңге несиесі әлі бар.

Әкенің айтуынша, қызының дертін Оңтүстік Корея немесе Үндістанда емдеуге болады, оған шамамен 10 млн теңге қажет.

Жанұя жалдамалы пәтерде тұрып келген. Жұмбақ қайырымды жан Еркебұланға жаңа үйдің кілтін табыстап қана емес, қызының емделуіне және өз кәсібін ашуына қаржылай көмек көрсетті.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.