Мәдениет

"Қанша мақтаса да, асып тасымайды": Димаштың тағы бір қасиеті елді тәнті етті

"Қанша мақтаса да, асып тасымайды": Димаштың тағы бір қасиеті елді тәнті етті
instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar. Суретте: Димаш Құдайбергеннің отбасы

Белгілі журналист Асылхан Мамашұлы әнші Димаш Құдайбергеннің азаматтық ұстанымына жоғары баға берді.

Оның айтуынша, Димаштың Ресей азаматы, бұрынғы қоғамдық кеңес мүшесі Олжасқа жазған жауабы елдің намысын оятқан нақты әрі батыл пікір болған.

"Димаштың әншілігіне әу бастан тәнтіміз ғой, осы жолы азаматтығына да тәнті болдым. Ресейліктерге "бізде қазақша сөйлейтіндер көбейіп барады, Ресей Қазақстанмен айналысуы керек" деп көкіген Энергетика министрлігі қоғамдық кеңесінің бұрынғы мүшесі Олжас дегенге былай деп жазыпты: "Мы казахи уважаем все языки мира. Но уважение начинается с самого себя. А тот, кто стыдится своего языка ради чужого одобрения теряет не слова – теряет корни. Олжас, надеюсь, тебя, провокатора уволять с работы так как ты испуганный маленький мальчик. Не стал писать на казахском так, как ты не знаешь казахского". Дәл бұлай қатты айтқанын бұрын байқамаппын. Басқа біреу болса, менің деңгейім емес дер еді. Саясаты да құрысын, тілі де құрысын, әнімді салып жүре берейін дер еді. Димаштың ойлы жігіт екені, елге алаңдайтыны әрдайым сезіледі. Қанша мақтаса да асып, тасымайды. Әлем сонысы үшін де жақсы көреді. Әнші ретінде ғана емес, тәуелсіз азамат ретінде де өсіп келе жатыр. Өз сөзін өнерде жүріп-ақ айтады әлі. Рақмет, Димаш!" – деп жазды Асылхан Мамашұлы.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz