«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды.

Боксшы бұл туралы отандық vesti.kz сайтына берген сұхбатында мәлімдеген.

«Жарақатымнан жақында ғана айықтым. Енді-енді жаттығуға кірісіп жатырмын. Наурыз айында кәсіпқой бокс шаршы алаңына қайта ораламын. Қазіргі таңда ұйымдастыру жұмыстарымен айналысып жүрмін. 13-16 желтоқсан аралығында Бақтияр Артаевпен бірге «Астана Арландары» жанкүйерлері арасында турнир өткіземіз. Біздің мақсатымыз – отандық кәсіпқой боксты дамыту» депті Ислам.

Еске салсақ, боксшы өткен жылдың 9 қыркүйегінен бері рингке шыққан жоқ. Ол соңғы рет Астанада канадалық Брэндон Кукты жеңген болатын. Одан кейін Қанат 23 маусымда Лос-Анджелесте жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда жарақат алып, аталған кездесу кейінге қалдырылды.

Абай Аймағамбет

Автор
Санжар