Тоқаев: Ресей Украинадағы қақтығысты тоқтатып, уақытша бітімге келуі қажет
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Қан құйған соң жұқты”: Алматы облысында 6 жасар бала гепатит С жұқтырған

“Қан құйған соң жұқты”: Алматы облысында 6 жасар бала гепатит С жұқтырған
Фото: smdoctor.ru

Алматы облысының тұрғыны кішкентай ұлына қан құйылғаннан кейін С гепатиті анықталғанын айтып, оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруді сұрады, деп хабарлайды kznews.kz.

Баланың әкесінің айтуынша, бәрі отбасының Түркиядан демалып оралғанынан кейін басталған. Алғашында баланың қызуы көтеріліп, қатты жөтел пайда болған. Біраз уақыттан соң оның мұрнынан қан кетіп, ата-анасы оны шұғыл түрде Алматы облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізген.

Тексеру нәтижесінде дәрігерлер балаға сирек кездесетін аутоиммундық дерт – иммундық тромбоцитопения диагнозын қойған. Емдеу барысында оған қан құйылып, кейін әрі қарай ем алу үшін Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жолданған.

«Облыстық балалар ауруханасына баламыздың мұрнынан қан кеткеннен кейін түстік. Талдаудан соң оған иммундық тромбоцитопения диагнозы қойылып, қан құйылды. Біз С гепатиті дәл сол кезде жұқты деп күдіктенеміз», – дейді баланың әкесі.

Кейін ғылыми орталықта жүргізілген ПТР-зерттеу барысында баладан С гепатиті анықталған. Осыдан кейін ата-анасы инфекция қан құю кезінде жұғуы мүмкін деген күдігін айтып, мәселені жан-жақты тексеруді талап етті. Сондай-ақ олар Президент әкімшілігіне жүгініп, істі бақылауға алуды сұраған.

Оқиғадан кейін Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру бастағанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық құжаттар, көрсетілген медициналық көмектің сапасы мен қолданыстағы емдеу стандарттарының сақталуы жан-жақты зерделеніп жатыр.

Басқарма тексеру қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданып, қажет болған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдар құқықтық баға беретінін мәлімдеді.

Әзірге баланың С гепатитін нақты қай жерде және қандай жағдайда жұқтырғаны ресми түрде дәлелденген жоқ. Тергеу және қызметтік тексеру аяқталғаннан кейін ғана оқиғаның нақты себептері белгілі болады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.