"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Қамауға алынған сәті видеоға түсті»: Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы изоляторға жеткізілді

«Қамауға алынған сәті видеоға түсті»: Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы изоляторға жеткізілді

17 жыл бойы құлдықта болған Құндыз бен Назгүлдің қамқоршысы Зүлфия Төленованың уақытша ұстау изоляторына қамалған сәті бейнеленген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбаны аталған істі қоғам назарына шығарып жүрген тележурналист Руслан Өтепбай жариялаған.

Журналистің жазуынша, Тараз қаласының тұрғыны Зүлфия Төленоваға қатысты Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалып, ол жуырда уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сондай-ақ Өтепбай қазіргі таңда Төленованың қамқорлығында бірде-бір баланың қалмағанын, барлығы мемлекеттің қарауына өткенін атап өтті.

«Қинау, ұрып-соғу деректері бойынша қозғалған бұл іс әділ тергеледі деп сенемін. Ағайын, ұл-қыздарыңызға өте абай болыңыздар», – деп жазды журналист.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер